Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

17 Сәуір 2022, 04:35
1539
Бөлісу:
Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 сәуірде ҚР аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Елдің тек орталығы, солтүстігі мен оңтүстігінің жекелеген жерлерінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Оңтүстікте сондай-ақ найзағай болжанады. Республика бойынша екпінді жел тұрып, батыста сонымен бірге тұман болады, – делінген хабарламада. 

Атап айтқанда, Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі, таулы асуларда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Таңертең Атырау облысының оңтүстігінде тұман болады.

Өзгелердің жаңалығы