«Қазгидромет» РМК синоптиктері 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды.
Тек еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады.
Республика бойынша екпінді жел тұрып, түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Қарағанды облысының шығысында түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Сондай-ақ Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде түнде топырақ бетінде 1-2 градус үсік бар.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында өрт қаупі жоғары.