Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша жауын-шашын жауады, көбінесе қар түрінде, оңтүстік және шығыстың кей жерлерінде қатты жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20, 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді.
Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 25 м/с күшейеді.