Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде тұман, боран, көктайғақ болуы мүмкін

6 Қараша 2022, 06:40
2082
Бөлісу:
Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде тұман, боран, көктайғақ болуы мүмкін

Синоптиктер 6 қарашада Астанада мен еліміздің 10 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Астанада оңтүстік батыстан, батыстан жел соғады деп күтіледі, екпіні - 15 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде көктайғақ болып, қар ұшқындап, боран соғады деп болжанады. Түнде өңірдің басым бөлігінде, күндіз шығыста оңтүстік батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Көкшетауда түнде және таңертең қар ұшқындап, жолдарда көктайғақ болады. Түнде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының түнде оңтүстік батысында, күндіз оңтүстік шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі, батысында солтүстік шығыстан оңтүстік шығысқа ойыса жео соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда күндіз оңтүстік шығыстан солтүстік шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі. Ақтөбеде таңертең тұман болады.

Түнде Қарағанды облысының шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтары мен тау бөктерінде тұман түседі. Тау асуларында ұйытқи соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Алакөл ауданы маңында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, қар ұшқындап, боран соғады. Түнде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с құрайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда көктайғақ болып, қар ұшқындап, боран соғады. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, түнде 23 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Павлодар облысының солтүстігінде де көктайғақ орын алады. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың көп бөлігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы