Жексенбі, 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

27 Желтоқсан 2020, 06:27
2057
Бөлісу:
Жексенбі, 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі, 27 желтоқсанда елдің батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын жауады (көбінесі қар түрінде). Ал солтүстік, шығыс және орталықта ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, республиканың батысында және оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Кей жерде тұман, жаяу бұрқасын және желдің күшеюі болжанады.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл облыстарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болжанады. Күндіз Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с артады.

Сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерде қатты аяз болады.


Өзгелердің жаңалығы