«Жекеменшік жоғары оқу орындары шетте қалады». Жеке сектордың мүддесі ескеріле ме?

31 Тамыз 2022, 17:20
1345
Бөлісу:
«Жекеменшік жоғары оқу орындары шетте қалады». Жеке сектордың мүддесі ескеріле ме?
Фото: inform.kz

Тұран университеті алаңында «Жаңа Қазақстандағы жеке меншік жоғары оқу орындарының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғылым министрі Саясат Нұрбек, Тұран университетінің ректоры Рахман Алшанов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбековтың қатысуымен өткен іс-шара  Жоғары оқу орындары қауымдастығының 20 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Бүгінде жекеменшік университет – капиталистік жүйенің меншігі. Олар бізге тура осылай айтады: сіздер капиталистсіз, адамдар арқылы ақша табасыз дейді. Капиталистік жүйенің басында көптеген адам мемлекеттік нысандардан кем емес оқу ғимараттарын салды. Біз бізді бөлмей тең қарым-қатынас болғанын қалаймыз. Егер гранттарды бөлу туралы айтатын болсақ, онда мемлекеттік жоғары оқу орындарына – 10%, жеке секторда небәрі 8% тиесілі, – деп мәлімдеді Рахман Алшанов.

Спикердің айтуынша, мемлекеттік жоғары оқу орындарына көмек көрсетіледі, ал жекеменшік жоғары оқу орындары шетте қалады. Екінші мәселе – білім туралы заңдағы қайшылықтармен байланысты.

Кәсіптік бағдар алған жоғары оқу орындары өз үлгісінде диплом бере алады, өтпегендері оны бере алмайды. Заңда бұл ерікті іс деп айтылған. Қарама-қайшылықты жоюды сұраймыз. Мысалы, студенттер оқуды аяқтады, диплом берілмеді.  Мемлекеттік университет бұл адамдарды оқуға алып, диплом берсін, – деп толықтырды ректор.

Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков жеке білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік ұйымдармен қатар тең жағдай жасаудың маңызды екенін атап өтті.

Бұл жекеменшік балабақшалардан бастап, жекеменшік жоғары оқу орындарына дейінгі білім берудің барлық деңгейіне қатысты. Жеке сектордың да мүддесін ескеру қажет. Өйткені бизнес жұмыс орындарын ашып, салық төлейді, – деп атап өтті Тимур Нақыпбеков.
 

Өзгелердің жаңалығы