Тіліміздің жазу тарихы тереңдеді – Дархан Қыдырәлі

31 Тамыз 2022, 17:12
1436
Бөлісу:
Тіліміздің жазу тарихы тереңдеді – Дархан Қыдырәлі
Фото: ОКҚ

Елтеріс Құтлық қаған кешенінен табылған жазба кешегі Махамебет пен Исатайдың рухты қайдан алғанын көрсетеді. Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Бұл жаңалық біздің жазу тарихымызды тереңдетіп отыр. Тасқа қашалып жазылған алғашқы құжатымызды таптық деуге болады. Экспедицияда қазақ ғалымдарының болуы оған Түркі академиясының жетекшілік жасауы әлемдік өркениет үшін маңызды дүние. Қазақ ғалымдарының әлемге жария етуі ол біздің тілімізбен, ғылымымыз үшін үлкен мәртебе. Бұл елдігімізді серпілтетін Жаңа Қазақстанға жаңа серпін беріп, еңсемізді тіктейтін жаңалықтың бірі, - деді Дархан Қыдырәлі.

Дархан Қыдырәлінің айтуынша, бітіктастағы жазба қазақ тіліне өте жақын.

Мәселен,  «Тәңір ұлы», «Құтлық қаған» , «Ұл балам» , «Түмен» бұл сөздердің бәрі біздің тіліміздің түп қайнар тамыры, бастауы деуге болады. Әрине, тіл тірі ағза әрі қарай дамиды, баиды. Бірақ грамматикасы мен сөйлем құрылымы ондағы ұғымдар, тіркестер жыраулар поэзиясының Бұқар жырау, Ақметберділерден емес, одан әрі бітік тасқа қашап жазылған Құтлық жазбасынан келе жатқанын әйгілеп тұр. Мұндағы рух, мұндағы тіркестер әдебиетіміздің де бастауын көрсетіп тұр, - деді Түркі академиясының басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы