Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2 қазанда аяқталады

8 Қыркүйек 2023, 21:45
794
Бөлісу:
Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2 қазанда аяқталады
Фото: BAQ.KZ - архив

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы жылдың 1 қазанында 2022 жыл үшін жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алайда, осы жылдың 1 қазаны демалыс күні екенін ескерсек, төлем мерзімі 2 қазанда аяқталады.

1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу үшiн салық кезеңi болады.

Салықты есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей салық органдары есептейді, жыл сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айқындаған құн негізінде, мүліктің нақты иелену мерзімі белгіленеді.

Маңызды ақпарат! Мүлік салығын төлеу барысында:

 - Ортақ бірлескен меншікте өзара келісім бойынша мүлік иелерінің бірі салық төлеуші болады. 

Егер салық сомасы барлық меншік иелеріне келсе, онда меншік иелерінің біреуі ғана төлем жасайды; 

- Ортақ үлестік меншікте салық төлеушілер осы мүліктегі үлесіне сәйкес мүліктің барлық меншік иелері болып табылады.

Салық заңнамасына сәйкес төленуге жататын салық сомалары туралы хабарламалар осы жылдың шілде айында меншік иелеріне электронды түрде – Салық төлеушінің кабинетіне, «E-gov» порталына, қағаз түрінде – тапсырыс хатпен, сондай-ақ түбіртек – коммуналдық қызметтердің ЕРЦ, ALSECO және т.б. хабарламалары арқылы жіберіледі.

Сонымен қатар, алдағы төлемдер туралы ақпарат «Kaspi Bank» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалары түрінде жіберілді. Бұл ретте салық коммуналдық төлем арқылы немесе мобильді қосымшалар арқылы бір рет төленеді.

Қате төлемдерді болдырмау үшін көрсетілген деректемелерді пайдалана отырып, төлемдерді бір уақытта жүзеге асыру мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын kgd.gov.kz «Алдағы төлемдер» сервисінде және «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасынан, сондай-ақ банктердің мобильді қосымшаларында көруге болады, - деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы