Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жайылым, шабынды және егістік жерлердің тапшылығын шешуге мүмкіндік береді.
Жүргізілген талдау нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігі жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуда жайылымдық және шабындық жерлердің тапшылығы, жем-шөптің экономикалық қол жетімсіздігі, өсірілген өнімді әділ бағамен өткізу, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету және басқа да маңызды мәселелер шешілмегенін атап өтті.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларының жартысына жуығы жеке қосалқы шаруашылықта екенін атап өткен жөн. Үлкен биологиялық актив ешқандай технологиялық процестермен қамтылмаған, дегенмен бұл жерде өндірістің тиімділігін арттыруға және ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру үшін қосымша табыс алуға мүмкіндік беретін үлкен әлеует бар.
«Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасын қабылдау бұл міндеттерді берік заңнамалық негіз құру арқылы шешуге мүмкіндік береді, олардың кооперациялары арқылы мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуге жол ашады және осы негізде тұрғындардың тиімділігін арттырып, өмір сүру деңгейін көтереді, - делінген министрлік хабарламасында.
Өзекті проблемалардың бірі жеке қосалқы шаруашылықтар мен олардың кооперативтерінің жер алқаптарына өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Заң жобасында бұл мәселені ауыл әкімдерінің қарамағындағы және қоғамдық пайдалануға (мал жаю, шөп шабу) арналған жерлердің алаңдарын кеңейту, аудан әкімдерінің резервтік қорынан және босалқы жерлерден ЖҚШ кооперативтеріне жер алқаптарын бөлу, тиісті жер алқаптары мен өндірістік инфрақұрылымы бар жұмыс істеп тұрған ұйымдасқан шаруашылықтарды мүше ретінде ЖҚШ кооперативтерінің құрамына тарту арқылы шешу ұсынылады, - делінген хабарламада.
АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖҚШ-ның шаруашылық қызметін жүргізуді нақты регламенттеу қолайлы экологиялық жағдай жасауға, елді мекендердің өзінде ғана емес, олардың айналасындағы эпизоотиялық және санитариялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Жалпы, Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған заң жобасын қабылдау агроөнеркәсіптік кешенінің одан әрі өсуіне ықпал етеді деп есептейді.