Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу уақыты ұзартылды

29 Қыркүйек 2023, 10:44
889
Бөлісу:
Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу уақыты ұзартылды
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Бұл шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

2022 жылы аталған шек уақытша 1000 еуроға және (немесе) 31 келіге дейін көтерілді. 2023 жылдың наурызында оның мерзімі 2023 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды.

Бүгінгі таңда ЕАЭО-ға жеке тұлғалар үшін тауарларды бажсыз әкелу мүмкіндігі жарты жылға ұзартылды. Осылайша, 2024 жылғы 1 сәуірге дейін жеке тұлғалар үшін тауарларды бажсыз әкелу шегі тасымалдаушы тасымалдайтын немесе әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерімен багажбен әкелінетін почта жөнелтімдерінде немесе жаяу тәртіппен тасымалданатын тауарлар үшін 1000 еуроны және (немесе) 31 келіні құрайды, - деп жазылған хабарламада.

Егер әкелінетін тауарлардың құны көрсетілген сомадан асып кетсе немесе оның салмағы белгіленгеннен артық болса, баж салығын төлеу қажет болады:

– тасымалдаушы немесе пошта жөнелтілімдерімен әкелінетін тауарлар үшін – құнының 15%-ы, бірақ 1 келі артық салмақ үшін 2 еуродан кем емес;

– багажбен әкелінетін тауарлар үшін – құнының 30%-ы, бірақ 1 келі үшін 4 еуродан кем емес.

Айта кетейік, бұрын шекті мән тасымалдаушы немесе пошта жөнелтілімдері арқылы тасымалданатын тауарлар үшін 200 еуро және әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерімен багажбен әкелінетін тауарлар үшін немесе жаяу жүру тәртібімен 500 еуро болатын.

Өзгелердің жаңалығы