Жеке куәлік пен төлқұжатта Елтаңба бейнеленеді

2 Сәуір 2021, 01:18
1987
Бөлісу:
Жеке куәлік пен төлқұжатта Елтаңба бейнеленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны және оның бейнесін, сондай-ақ Әнұран мәтінін пайдалану ережелері туралы Үкіметтің қаулысына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Қаулыға сәйкес Елтаңба жеке куәлік пен төлқұжатта (паспорт) бейнеленеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Жобаға сәйкес Елтаңба міндетті түрде:

- Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің және Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық кеңестің, Жоғарғы соттың және жергілікті соттардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ҚР шет елдердегі мекемелерінің веб-сайттарында;

- ҚР әуе кемелерінде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында;

- Президент пен оның Әкімшілігінің, Парламенттің, оның палаталары мен олардың аппараттарының, Парламент палаталары бюроларының, Үкімет пен Премьер-министр кеңсесінің, министрліктердің және Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық кеңестің, Жоғарғы сот пен жергілікті соттардың, қарулы күштер және өзге де мемлекеттік органдардың мөрлері мен құжаттарының бланкілерінде;

- Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық кеңестің және Жоғарғы соттың ресми басылымдарында;

- Ұлттық банктің банкноттары мен монеталарында, мемлекеттік бағалы қағаздарда;

- Қазақстан азаматтарына берілетін жеке куәлікке, туу туралы куәлікке, төлқұжатқа (паспорт) және өзге де төлқұжаттарға, мемлекеттік органдар мен ұйым қызметкерлерінің қызметтік куәліктеріне;

- ҚР Мемлекеттік шекарасына орнатылатын шекаралық бағаналарда бейнеленеді. Қаулы жобасы 14 сәуірге дейін талқыланады.

Өзгелердің жаңалығы