Жеке бухгалтер мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінен 3 млн теңгеден астам соманы бопсалаған

Жеке бухгалтер мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінен 3 млн теңгеден астам соманы бопсалаған
502

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты. 

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті бюджет ақшасын ұрлаумен байланысты қылмыстық іс бойынша жеке аудиторлық компанияны тартты. Аталған компания өз кезегінде аудитордың ассистенті ретінде кәсіби бухгалтерді жалдаған, - деді Әбділов.

Ол атағандай, тексеру барысында МКК-на қатысты қылмыстық іс аясында жалданған есепші мекеменің материалдық-жауапты тұлғаларын қорытынды жасап, оған анықталған бұзушылықтарды енгізуге не қоспауға құқылы екендігіне сендіре отырып, мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінен жалпы сомасы 3 млн 80 мың теңге ақша қаражатын алдау жолымен алды.

Шын мәнінде, ол мұндай өкілеттіктерге ие болмады, өйткені ол аудитор емес және бұл оның міндетіне кірмеді. Есепші маман 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алу кезінде ұсталды. Іс сотқа берілді, - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі.


Фото: ашық дереккөз