Жедел желі арқылы 20 мыңға жуық қазақстандыққа көмек көрсетілді

9 Қаңтар 2022, 16:28
1797
Бөлісу:
Жедел желі арқылы 20 мыңға жуық қазақстандыққа көмек көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елде төтенше жағдай кезінде жедел желі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Әрбір азамат 1414 нөмірі арқылы онлайн-кеңес ала алады. 6 қаңтардан бері 20 мың қоңырау келіп түскен. Тәулік бойы туған-туыстарын із-түзсіз жоғалтқандармен, эмоционалды қиындықты бастан кешкен тұрғындарға көмек көрсетіліп жатыр.

 Бұл 1414 желі орталығындағы сәт. Мұнда қызметкер туысын жоғалтқан адамнан барлық жеке дерегін алып жатыр. Мамандар түскен өтінішті әрі қарай өңдейді. Ел бойынша террористік актілерден зардап шеккен, туған-туысын жоғалтқан және психоэмоционалды қиындықтарды бастан өткізіп жатқан азаматтарға 1414 желісі арқылы кеңес беріліп жатыр. 

6 қаңтардан бастап 20 мыңға жуық адам онлайн-көмек алған. 

Бұл көмек қос тілде беріледі. Қазақ тілінде және орыс тілінде. Қазіргі кезде 20-дан астам  психолог өзінің дайындығын білдіріп отыр ерікті түрде. Кеңес кей уақытта 5 минуттан 1 сағатқа дейін болуы ықтимал. Кей адамдарға ұзақ уақыт кеңес беру қажет болады, - деп хабарлады психолог Ерлан Мұстафин.

 Мамандардың айтуынша, қоңыраудың басым бөлігі Оңтүстік өңірінен, атап айтқанда, Алматы, Қызылорда, Тараз және Шымкенттен келіп жатыр. 

Оларға жедел ақпарат берілуде. Сонымен қатар азаматтар өңірдегі күдікті іс-әрекеттер мен адамдар жайлы да баяндап отыр. 102 нөміріне хабарласа алмағандар да жедел желімен байланыста. 

Азаматтар ағам, бауырым жоғалып кетті таба алмай жатырмыз деп жатыр. Сондай мәселеге көмек бердік. 126 нақты адамды тауып беріп, кері байланыс беріп, көмектестік. Денсаулық сақтау министрлігінен және полиция қызметкерлерінен азаматтардың тізімі болды. Егерде сол тізімде азамат болмаса, ақпаратты беріп, ЖСН немесе аты-жөнін кері байланыспен ақпарат берілетін болады,- деді ҚР цирфлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілі Бекболат Молдабеков.

Айта кетерлігі, жедел желіге СМС-хабарлама да жіберуге болады. Мамандардың айтуынша, қазір орталықта жүктеме аз. Телефон соққан адам желіге көп күтпей қосыла алады.

Өзгелердің жаңалығы