Қазақстанда жедел жәрдем жүргізушілері әріптесін соққыға жыққаннан кейін әлеуметтік желіде челлендж бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар спортпен шұғылданып, дене шынықтыру жаттығуларын жасап жатқан видеоларын жариялай бастаған.
Желі қолданушылары жаңа трендті ұнатып, видеоның астына жақсы пікір қалдырып жатыр екен.
"Бұл оқиғаға әзілмен қарағандары жақсы болған екен", "Енді оларға жақындамаңыздар", "Жақсы бастама екен, іске сәт", "Жедел жәрдем жүргізушілеріне, дәрігерлерге және фельдшерлерге тиіспеңіз. Бұл барлығына қатысты" деген пікір қалдырған екен.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтерген ер азаматтың видеосы әлеуметтік желілерде тарап, үлкен талқыға түскен еді. Соққыға жыққан ер азаматқа іздеу жарияланған болатын. Бүгін Нұрбол Дәкебаевтың кешірім сұраған видеосы тарады.