Жедел тергеу топтарының өндірісінде 2 мыңнан аса қылмыстық іс бар – Прокуратура

25 Қаңтар 2022, 18:49
1373
Бөлісу:
Жедел тергеу топтарының өндірісінде 2 мыңнан аса қылмыстық іс бар – Прокуратура

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

Биылдың 25 қаңтары бойынша жедел тергеу топтарының өндірісінде 2 044 қылмыстық іс бар. Осы істер бойынша 898 күдікті ұсталған. Олардың 802-сі соттың санкциясымен қамауға алынды, 50-іне үй қамағы, ал 21 тұлғаға кепіл, 12-іне ешқайда кетпеу қолхаты тағайындалды, 13-і бойынша бұлтартпау шарасы туралы сұрақ қаралып жатыр, - деп айтты ол.

Қилымжановтың баяндауынша, Прокуратура органдары қайғылы оқиғаларды тергеу кезінде заңның сақталуын қамтамасыз етеді.

Прокуратура органдарына тыйым салынған тергеу әдістеріне және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тергеу барысында азаматтардың құқықтарын бұзу деректері бойынша 109 шағым түсті. Билікті және лауазымдық өкілеттерді асыра пайдалану туралы 11 шағым бойынша прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Ал қылмыстық қудалау органдары прокуратураның нұсқауымен 10 қылмыстық істі тіркеді, - деп түсіндірді Бас прокуратура өкілі ОКҚ-да.

Оның сөзінше, бүгінгі күні 21 қылмыстық іс өндірісте. Олардың 20-сын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен арнайы прокурор тергеп жатыр. Сондай-ақ 43 арыз бойынша тексерулер жалғасып жатыр. 22-сі өз дәлелдерін таппады.

Өзгелердің жаңалығы