Қазір эпидемиологиялық, оның ішінде ішек инфекциялары бойынша Қызылқоға ауданында жағдай тұрақты, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысынының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Қызылқоға ауданы әкімдігінің хабарлауынша, тасқын кезінде «Қарасу» жер асты су қорындағы ұңғымаларды су басқан. Сол себепті, уақытша 3 ұңғыма арқылы тұрғындарға берілген ауыз судың сапасын анықтау мақсатында 12 бактериологиялық, 12 санитариялық-химиялық сынама зертханаға жолданған. Нәтижесінде, санитариялық-химиялық сынамадан нормативтік көрсеткіштерге сәйкес лайлылық, түс пен дәмнен сәйкессіздіктер анықталған.
Қазіргі таңда аталмыш кемшіліктер жойылып, Миялы ауылында су үздіксіз беріліп келеді.
Ауданға келген тасқын судың бөлініп қалған шалшық суларынан А вирусты гепатитіне мен ротовирусты жұқпаларына зерттеуге су сынамасы алынды. Талдау жасалып жатыр, - деді аудандық санитралық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Алтынгүл Аймұратова.