"Жеңіс" жобасының волонтерлері ардагерлерге карантин кезінде көмек көрсетуде

6 Мамыр 2020, 11:24
1572
Бөлісу:
"Жеңіс" жобасының волонтерлері ардагерлерге карантин кезінде көмек көрсетуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жеңіс" әлеуметтік-қайырымдылық жобасының волонтерлері Қазақстанның 35 қаласынан 640 ҰОС ардагері мен тыл еңбеккеріне көмек көрсетті. Жыл соңына дейін барлығы 1500-ден астам ҰОС қатысушылары мен тыл еңбеккерлерін әлеуметтік-тұрмыстық көмекпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Карантин кезінде еріктілер бірінші кезекте қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізеді. Жалғыз тұратын немесе денсаулығы және әлеуметтік жағдайына байланысты көмекке мұқтаж адамдарға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ретте карантин шарттарымен бекітілген барлық сақтық шаралары сақталады: байланыссыз жеткізу, қашықтықты сақтау, медициналық маскалар мен қолғаптар.

Волонтерлер қатарына "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының қызметкерлері мен ҚР белсенді азаматтары кіреді.

Бүгінде жобаға "Самұрық-Қазын"» АҚ портфельдік компаниялар қызметкерлерінен 200 ерікті қосылды және Біз Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмектесуге ниет білдірген еліміздің барлық азаматтарын қосылуға шақырамыз, - дейді "Samruk-Kazyna Trust" Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.
Айта кетейік, "Жеңіс" жобасының мақсаты - ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне жүйелі көмек көрсету. Волонтерлер қарт адамдарға шаруашылық бойынша көмектеседі: үй мен ауланы тазалау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алу, ең бастысы - олармен әңгімелесіп, уақыт өткізу. Жоба жұмысының 5 жылы ішінде ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне 10 000-нан астам волонтерлік рейд жасалды.

Мен "Жеңіс" жобасымен биыл таныстым және ауқымды волонтерлік қозғалыстың бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын. Менің командамда қазіргі уақытта 18 адам, біз үнемі рейдтер өткізіп тұрамыз және осы уақытқа дейін Алматы қаласының 40-тан астам ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек беріп үлгердік. Карантин жағдайында еріктілердің жұмысы маңызды болып табылады. Ардагерлерге көмек көрсету, оларды қолдау, оларға қамқорлық жасау – мені жасампаздыққа үйретеді», - дейді "Жеңіс" жобасының Алматы қ. бойынша үйлестірушісі, "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ – "ЖТ Алматы бөлімі" вагон шаруашылығы қозғалысының қауіпсіздігі бойынша ревизор Диас Байғонусов.
Сондай-ақ, 2020 жылы Қазақстан мен ТМД елдері аумағында 1935 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне тегін теміржол жол жүруін ұсыну бойынша науқан жалғастырылатын болады. Билетті ресімдеу үшін темір жол кассаларына барып, өзімен бірге ҰОС қатысушының немесе мүгедектік туралы жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен куәлігі, ал тыл еңбеккерлеріне арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі болуы қажет. Науқанның мүмкіндіктерін карантин режимін аяқталғаннан кейін бірден пайдалануға болады.
Өзгелердің жаңалығы