Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек бүгін Үкімет отырсында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуды тежейтін бірнеше мәселені айтып берді.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі – инвестициялық жобаларды іске асыруда бюджеттен тыс қаржыларды тартудың бірі. Қазақстанда жалпы сомасы 1,5 триллион теңгеге жуық сомаға 548 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылуда. Бірақ әлі де бірнеше мәселе бар. Үлкен жобаларды іске асырудың тежеуші факторы – валюталық тәуекелдер. Жобалар ұзақ мерзімге жоспарланатындықтан, инвесторлар үшін тұрақтылық өте маңызды. Өңірлерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының құрылысын жүргізіп ғана қоймай, сонымен қатар оны дербес басқаратын тетікке барынша көшуіміз қажет. Кеткен шығындар жобаны іске асыру нәтижесінде толық үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары неғұрлым ұзақ мерзімде болу тиіс деп санаймыз», - дейді Жеңіс Қасымбек.