Жеңіс-75. Ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріле бастады

28 Сәуір 2020, 13:58
1225
Бөлісу:
Жеңіс-75. Ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріле бастады

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты.

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында коронавирустық инфекцияның қазіргі жағдайы, қаладағы кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын қалпына келтіру жөніндегі шараларға қатысты өткен онлайн брифинг барысында соғыс ардагерлеріне төлем жасалып жатқаны айтылды.
Бүгінде Нұр-Сұлтанда 44 екінші дүниежүзілік соғыс ардагері бар. Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты елордада соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 1 миллион теңге көлемінде төлем жасала бастады, - деді Бақтияр Мәкен.
Оның айтуынша, біржолғы ақшалай төлемді тыл еңбеккерлері, қайтыс болған мүгедектердің әйелдері мен екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлерімен теңестірілген барлық адам алады.
Келе жатқан мерекелерге сай барлық әлеуметтік төлемдер уақытылы төленеді, - деді Бақтияр Мәкен.
Өзгелердің жаңалығы