Жеңілдіктер тізбесін мемлекеттік комиссия бекітеді

3 Сәуір 2020, 12:17
1704
Бөлісу:
Жеңілдіктер тізбесін мемлекеттік комиссия бекітеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Мәди Тәкиев бүгінгі онлайн брифинг барысында салықтық әкімшілендіру бағытындағы шараларға қатысты пікір білдірді.

2020 жылдың 1 маусымына дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен әлеуметтік жарналарды (ЖТС, әлеуметтік салық, қызметкер үшін әлеуметтік және медициналық сақтандыру), сондай-ақ салық, кедендік және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша жұмыстар мерзімі ұзартылды. Бизнестің фискалдық қысымын төмендету мақсатында төтенше жағдай кезінде салықтық тексерулер тоқтатылды. 
Сонымен қатар, мемлекет басшысы 2020 жылдың 31 наурызындағы мәлімдемесінде  сауда объектілерін, қоғамдық тамақтану объектілерін, қонақ үй бизнесін, көлік және консультациялық қызметтер мен ІТ саласын қоса алғанда, экономиканың зардап шеккен секторларын ШОБ еңбекақы қорынан ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейінгі мерзімге салық және міндетті төлемдерді төлеуден босатуды тапсырды,-деді Мәди Тәкиев. 

Ол сондай-ақ, жеңілдіктерді қолдану үшін қызмет түрлерінің тізбесін төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітетінін жеткізді.
Жақын күндері ЕТҚ-мен бірге салық және басқа да төлемдерден босатылған қызмет түрлері көрсетілген Үкімет қаулысы шығады, - деп түйіндеді ол.
Өзгелердің жаңалығы