Жазғы Паралимпия ойындары-2024: Оныншы жарыс күнінің нәтижесі қандай

Бүгiн, 08:10
148
Бөлісу:
Жазғы Паралимпия ойындары-2024: Оныншы жарыс күнінің нәтижесі қандай
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Жазғы Паралимпия ойындары-2024: Оныншы жарыс күнінің нәтижесі (7 қыркүйек) белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Пара дзюдо: Жұрқамырза Шүкірбеков J2 санатында 90 келі салмақта сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Франция өкілі Насер Зорганиді иппонмен тізе бүктірді.

Әйелдер арасында +70 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында белдескен Зарина Раифова қола жүлдеге қол жеткізді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Раифова италиялық Каролина Костадан басым түсті.

J2 санатында 90 кг салмақтағы Ғалымжан Смағұлұлы мен Бауыржан Арыстанбеков алғашқы белдесулерінде, J1 санатында +90 кг салмақта өнер көрсеткен Ерлан Өтепов жұбаныш кездесуінде жеңіліп қалды.

Пара пауэрлифтинг: 73 кг салмақ дәрежесіндегі сайыста Раушан Қойшыбаева 117 кг нәтижемен 4-орынға тұрақтады.

88 кг салмақта бақ сынаған Рахметжан Хамаев 200 кг көтеріп, Паралимпиаданы 6-орынмен аяқтады.

Пара каноэ: VL3 санатында 200 метрге жарыстың жартылай финалында Жаңыл Балтабаева 1:02.13 секунд уақытпен финалға шыға алмады.

KL2 санатында 200 метрге жарыстың жартылай финалында Бибарыс Спатай 45.47 секунд нәтижемен финалдан тыс қалды.

Өзгелердің жаңалығы