Жазғы мектепте сабақ беретін мұғалімге қосымша ақы төлене ме?

4 Мамыр 2021, 13:42
13121
Бөлісу:
Жазғы мектепте сабақ беретін мұғалімге қосымша ақы төлене ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында вице-министр Шолпан Каринова жазғы мектептердің жұмысына қатысатын мұғалімдерге қосымша қаржы талап етілмейтінін айтты.

Каринова жазғы мектептерге тартылатын кадрлар мәселесіне тоқталды.

Бұл аралықтар (26 мамыр-19 маусым – Baq.kz) мұғалімдердің еңбекақысын төлеуге қосымша қаражат талап етілмейді. Себебі мұғалімдердің жазғы уақыттағы 56 күн еңбек демалысының кестесі қайта қаралады, - деді вице-министр.

Оның сөзінше, мұғалімдердің еңбекақысы осы күнге дейін сақталатын болғандықтан қосымша қаражат талап етілмейді.

Барлық мұғалім әр мектеп бойынша жасалған тарификацияға сәйкес өз жүктемесімен жұмыс істей алады. Сонымен қатар ұйымдастырылатын жазғы мектептің жұмысы санитарлық талаптардың қатаң сақталуымен жүзеге асырылады, - деп Каринова түсіндірді.

Оқыту формалары, түрлері әртүрлі болуы мүмкін. 

Біріншіден, қалыпты сабақтар, 40 минут жүргізілетін сабақтар, кесте, қоңырау болады. Әр мектепте тиісті тәртіппен сабақтар ұйымдастырады.

Шолпан Каринова атап өткендей, жұмыстың бірнеше түрі ұсынылады. Бұл – жобалық жұмыс, зерттеулер және басқа да жұмыстар. Сонымен қатар жазғы мектептің жұмысында оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді.

Еске сала кетейік,жазғы мектептердің жұмысы 26 мамырдан 19 маусымға дейін жалғасады.


Өзгелердің жаңалығы