Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер жауапқа тартылды

7 Желтоқсан 2024, 18:43
332
Бөлісу:
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жазғы дөңгелекпен жүрген 26 жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция жүргізушілерге жолдағы қауіпсіздік туралы ойланып, көліктеріне қысқы дөңгелек орнатуды ескертеді. 

Сонымен қатар осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап осы техникалық регламентті сақтамағаны үшін автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынатынын еске салды. 

Мәселен, Түркістан облысында полицейлер автокөліктерде қысқы дөңгелек болмағаны үшін 26 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. 

Полицейлер жүргізушілерді көлік құралдарының жағдайын тексеріп, мезгілге сай дайындауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы