Жаздың соңғы күнінде ауа райы қандай болады?

30 Тамыз 2020, 22:16
2202
Бөлісу:
Жаздың соңғы күнінде ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаздың соңғы күні, 31 тамызда ауа райы жылы болады, деп болжайды синоптиктер.

Елдің басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа температурасы 25-33 градусқа дейін көтеріледі.

Батыс пен оңтүстік-шығыста, оңтүстікте жауын жаууы мүмкін. 

Жамбыл облысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында да жел күшейеді. 

Атырау, Ақтөбеде және Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Атырау, Алматы облысының солтүстік-батысында, Түркістан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде және Қарағанды облысының батысында өрт қаупі жоғары.  

Елордада жауын-шашынсыз. Күндіз 29-31 градус жылы. 

Алматыда күн алабұлтты, 29-31 градус жылы.

Шымкентте жаңбыр, 27-29 градус жылы.

Өзгелердің жаңалығы