Шымкент қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Агенттік Шымкент қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады.
Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр. Бас прокуратура биыл 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады, - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.