Жазасын өтеушілер ардагерлерге сыйлық жасады

28 Сәуір 2020, 09:08
1854
Бөлісу:
Жазасын өтеушілер ардагерлерге сыйлық жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеушілер Ұлы Отан соғысы ардагерлерін ерекше түрде құттықтауды жөн көрді, деп хабарлады ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Олар өзара келісіп, бірауыздан жылыжайда өздері қолдарымен өсірген екікүндік жеміс өнімдерін ардагерлерге тарту етті. Мекеме басшылығынан рұқсат алынған соң сыйлықтарын ардагерлерге жөнелтті.

Жеңіс күні - ол қасиетті мейрам. 1941-1945 жылдары бейбіт өмір үшін миллиондаған азамат өз өмірлері мен денсаулықтарын берді. Ештеңе ұмыт емес, ешкім ұмытылмайды. Ұрысқа қатысқандар мен еңбек еткендерге қарыздармыз. Тордың ар жағында отырған біз бұдан жақсы сыйлық жасай алмаспыз. Ал мынау өз қолымызбен өсірген өнім, оның үстіне қоғам үшін кішкене болсын пайдалы болғандығымыз жанымызға демеу, - дейді сотталғандар.
Семей қаласында орналасқан қауіпсіздігі барынша жоғары ОВ-156/14 мекемесінде бүгінгі күні 13 кәсіпорын ашылып, жұмыс істейді. Оның ішінде жылыжайда көкөніс өсіру орны 2018 жылдан бастап іске қосылған. Онда қызанақ, қияр, көк пияз, аскөк және салат жапырағының 4 түрі өсіріледі.


 

Өзгелердің жаңалығы