Жазасын өтеушілер орта білім аттестатын алды

16 Маусым 2022, 18:52
2137
Бөлісу:
Жазасын өтеушілер орта білім аттестатын алды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде колонияда жазаларын өтеп жатқан бір топ азамат №44 орта білім беру мектебінің аттестатына ие болды. 

Жазаларын өтеушілер үшін бұл – орта білім алу жөніндегі алғашқы құжат. Бүгінде бұл азаматтар колония ішінде жұмыс істеп, мекеменің қоғамдық өміріне етене араласып келеді. 

Сотталғандар үшін аттестат алу – жаңа өмірге жолдама алумен тең. Олар жабық мекемеде білім алып, оқу бағдарламаларын толық меңгерді. Олардың көбі жазаларын өтеу барысында қателіктерін түсініп, теріс жолға түскендерін мойындады. Енді түзету мекемесіндегі мерзімдері аяқталған соң жаңа өмір бастайды. Өткендегі қателіктерге жол бермейді деген ойдамыз, - дейді облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АП-162/4 мекемесінің бастығы Ербол Шәріпов.

Сотталғандарға құжаттар салтанатты түрде табысталды. Айта кетейік, жабық емкемелер жанындағы мектепті 18 жыл ішінде 260 азамат тәмамдаған. Олардың көбі оқуларын түрле өмірлік жағдайларға байланысты аяқтамай қалған. Дегенмен, сотталушыларға екінші мүмкіндік берілді. 

Бізге білім алуға мүмкіндік берген мекеме қызметкерлері мен мұғалімдерімізге мың алғыс. Енді біреудің ала жібін аттамауға уәде береміз. Еркіндікке шыққан соң ел қатарлы адал еңбек етеміз, - дейді сотталушы Сергей. 

Өзгелердің жаңалығы