Жаз ыстық болады. Смайылов өртке қарсы қызметті күшейтуді тапсырды

26 Сәуір 2022, 11:31
1352
Бөлісу:
Жаз ыстық болады. Смайылов өртке қарсы қызметті күшейтуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысындай айтты. 

Жыл сайын табиғи өрттердің кесірінен адамдар қаза тауып, мүлік пен табиғатқа орасан зор шығын келеді.   Биыл    Қазгидрометтің болжамы бойынша    жаз мезгілі    жылдағыдан ыстық болады деп күтіліп отыр. Өңірлерде    қазірдің өзінде күн ысып, табиғи өрт саны артып отыр.   Бұл мәселе Төтенше жағдайлар министрлігі мен  жауапты мемлекеттік органдардың және әкімдіктердің жіті назарында болуы тиіс, - деді Смайылов. 

Ол өңір әкімдіктері    өрт бекеттері мен    ерікті өртке қарсы құрылымдарды    ұйымдастыру жұмысын жалғастыруды тапсырды. 

Төтенше жағдайлар министрлігімен бірге  балаларды сауықтыру лагерлері, санаторийлер мен демалыс аймақтарында    өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алсын.Экология министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге орман және табиғатты қорғау мекемелерін өртке қарсы техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру шараларын қабылдасын. Күштер мен құралдардың табиғи өртте шұғыл әрекет етуге дайындығын қамтамасыз етсін. Сондай-ақ ірі өрттерді сөндіруге    авиацияны 
тартуды қарастырсын, - деді Смайылов. 

Ол Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге биыл Орман және дала өрттерінің алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.  

Білім және ғылым министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, елдегі барлық оқу орнының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін   тексерсін. Сигнализацияның, гидранттар мен өрт сөндіргіштердің, өрт кезіндегі апаттық шығулардың жұмысқа жарамдылығы тексерілсін.  Балалардың қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шаралар қабылдануы тиіс. Сонымен қатар  халыққа өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрт шыққан ғимаратта, дала және орман өрті кезінде қалай әрекет ету қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы