Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаз басталғалы Алакөл жағасында 120-дан астам бала жоғалған

3 Тамыз 2025, 23:47
2499
Бөлісу:
 Абай облысы әкімдігі
Фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысы Мақаншы ауданындағы Алакөл жағасында балалар жиі жоғалып кетіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаз шыға салысымен халық жаппай Алакөл жағасына ағылады. Жалғыз емес, бала-шағасымен баратындар да көп. Олардың арасында құжынаған нөпір арасынан баласынан көз жазып қалатындар жоқ емес.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, биыл баласын таба алмай тәртіп сақшыларына хабарласатындар жиілеген.

Алакөл жағалауында туристік полиция қызметкерлері суға түсу маусымы басталғалы бері балалардың жоғалуына байланысты жиі хабар түсті. Әсіресе Арбат аумағындағы адам көп жиналатын орындарда ата-аналар балаларын жоғалтып алады. Маусым-шілде айлары аралығында осындай 120-дан астам жағдай тіркелген. Абырой болғанда, барлық бала дер кезінде табылып, ата-аналарына аман-есен жеткізілді, – деп жазылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы