Жаздың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы

31 Тамыз 2019, 08:58
2041
Бөлісу:
Жаздың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет бүгін республиканың басым бөлігі циклон мен онымен байланысты фронталды бөліктердің ықпалында болатынын хабарлады. 

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде жауын жауады, әсіресе солтүстік өңірде жауын мөлшері мол болады. Елдің бірқатар аумақтарында найзағай жарқылдап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, сонымен қатар шаңды дауыл көтеріледі.   

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге жетеді.    

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының бірқатар аумағында найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жауады. желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ке жетеді.     

Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында найзағай жарқылдап, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Павлодар облысында желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді. 

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі. 

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдауы мүмкін.  

Қызылорда, Түркістан облыстарында және Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының басым бөлігінде, сонымен қатар Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Павлодар облысының солтүстігінде өрт шығу қауіпі бар. 

Өзгелердің жаңалығы