Жайықта қайықтар соқтығысып қалып, 9 адам ауруханаға жеткізілді

4 Шілде 2023, 11:52
734
Бөлісу:
Жайықта қайықтар соқтығысып қалып, 9 адам ауруханаға жеткізілді
Фото: polisia.kz

Атырау облысы ПД 3 шілде күні сағат 20:05 шамасында Жайық өзенінде қайықтар соқтығысқанын хабарлайды.

Аталған қайықтар Жайық өзенінде адамдарды серуендету қызметін атқарған.

Біреуінде 10 адам, екінші қайықта 25 адам болған. Әр түрлі дене жарақатын алған 9 адам ауруханаға жеткізілген. ҚК 344-бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы