Жайық өзенінің Каспийге құяр сағасына түп тереңдету жұмыстары жүріп жатыр

3 Маусым 2024, 16:43
457
Бөлісу:
Жайық өзенінің Каспийге құяр сағасына түп тереңдету жұмыстары жүріп жатыр
Фото: Скрин

Өр суының көп келуіне байланысты, Жайық өзенінің су өткізу қабілетін арттыру мақсатында өзеннің Каспий теңізіне құяр сағасының 48,9 шақырымнан бастап 50,5 шақырымына дейін түп тереңдету жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Түп тереңдету жұмыстарының жалпы ұзындығы 1600 метр, ені 20 метр және тереңдігі 1,2 метрді құрайды.

Қазіргі уақытта мердігер мекеме түп тереңдету жұмыстарына “ЗРС-Г”, “Ватермастер-1”, “Ватермастер-2” жер сорғыш снарядтарын (землесосный снаряд) қолданып жатыр.

3 маусым күнгі ахуал бойынша, «Қазақстан су жолдары» РМҚК тапсырысымен барлығы 2643 метр жер қазылып, 16 686 м3 топырақ алынды. ​

Бас мердігер - «ПавлодарӨзенПорты» АҚ​. Сонымен қатар, “ДМ ЭКО КАСПИАН” ЖШС 2350 метр түп тереңдету жұмыстарын жасады.

Өзгелердің жаңалығы