Жайық бойындағы елді мекендерде су тасқынынан қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр

18 Сәуір 2024, 00:24
337
Бөлісу:
Жайық бойындағы елді мекендерде су тасқынынан қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: видеодан кадр

Бұл туралы БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айтуынша, ұзындығы 102 шақырым биіктігі 2-4,5 метр бөгеттер тұрғызылуда. 800 мыңға жуық қапшықтар төселді.

Спикер БҚО бойынша әлі күнге дейін қауіп сейілмеді деп отыр. Өңірдегі Орал қаласы мен 12 ауданның 8-інде жағдай тұрақталса да, Ресейден бастау алатын Жайық өзені қауіп төндіріп тұр. Оның үстіне Сақмара, Илек, Шыңғырлау өзендері осы өзенге қосылады.

Қауіпті аймақта облыс орталығы Орал қаласы және Жайық бойында орналасқан 4 аудан - Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі, соның ішінде 84 елді мекен және 80 мыңнан астам (қаланы есептемегенде) халық тұрып жатыр. Толық көлемде үлкен су облыс аумағына, соның ішінде Январцева ауылы гидробекетіне бүгін келе бастады, Орал қаласына 19-20 сәуіріне келеді деп болжануда, - деді өңір әкімінің орынбасары.

Бұл жұмыстарға 1 265 техника жұмылдырылды, соның ішінде өзге өңірлерден жолданған техникалардың қазіргі сағатқа 790 техника әкелінді.

Өзгелердің жаңалығы