Жәйремдегі қанды қылмыс: Төрт баланың анасын өлтірген күдікті өзіне қол жұмсамақ болды

Пышақталған төрт баланың анасы оқиға орнында көз жұмды.

 ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат Бүгiн 2026, 11:39
Бүгiн 2026, 11:39
232
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат

Ұлытау облысының Жәйрем кентінде жантүршігерлік қылмыс болды. 33 жастағы ер адам бірге тұратын әйелді аяусыз өлтіріп, артынан өз-өзіне қол салуға әрекеттенген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам әйелге 20 рет пышақ сұққан. Алған ауыр жарақатынан төрт баланың анасы оқиға орнында көз жұмды.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті өзін жарақаттаған. Қазіргі уақытта ол ауруханада полицияның тәулік бойы күзетінде жатыр.

Ұлытау облысының Полиция департаменті Жәйрем кентінде әйел адамды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Күдікті - әйелмен бірге тұрған 33 жастағы жергілікті тұрғын. Қылмыс жасағаннан кейін ол өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенген. Қазіргі уақытта күдікті медициналық мекемеде полицияның тәулік бойы күзетінде жатыр. Сот шешімімен оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Емдеу курсы аяқталғаннан кейін күдікті дереу тергеу изоляторына қамалады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда ер адам әйел мен оның қызын аяусыз өлтірген болатын. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Алматыда 14 қылмысты жасырған тергеуші сотталды

Шымкентте өлтірілген Нұрайдың ағасы жұртшылыққа үндеу жасады

Атыраудағы арнайы қабылдау бөлімінде қамауда отырған ер адам қайтыс болды

Наверх