Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры қызметіне тағайындалды

5 Сәуір 2022, 11:23
2708
Бөлісу:
Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры қызметіне тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы «Хабар» агенттігінің Басқарма Төрағасы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында мәлім етті.

Жайна Сламбекқызы 1974 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтаған. 

Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда «Хабар» агенттігінде тілші болып бастаған. 2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді. 

Өзгелердің жаңалығы