Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Жайлы мектептің" жайы: Құлсарыдағы құрылыста мектеп шатыры опырылып түсті

10 Қыркүйек 2025, 08:08
873
Бөлісу:
 "Ақ Жайық"
Фото: "Ақ Жайық"

Атырау облысының Құлсары қаласында салынып жатқан мектептің шатыры жартылай опырылып түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Ақ Жайық"-тың таратқан мәліметі бойынша, төтенше жағдай Атырау шағын ауданында болды. Білім басқармасының мәліметінше, Құлсары қаласындағы мектеп "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынып жатыр, ол 1200 оқушыға есептелген.

Құрылыс аяқталғанға дейін бағдарламаның жауапты әкімшісі Атырау облысының құрылыс басқармасы болып табылады, - деп хабарлады білім басқармасынан.

Апаттың себептері мен шығын көлемі анықталуда.

"Жайлы мектептің" жайы: Құлсарыдағы құрылыста мектеп шатыры опырылып түсті
Өзгелердің жаңалығы