Жайлы мектеп жобасында ата-аналар ұсынысы қаралады

3 Сәуір 2023, 13:07
1557
Бөлісу:
Жайлы мектеп жобасында ата-аналар ұсынысы қаралады
Фото: автордан

Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов «Жайлы мектеп» жобасындағы жаңашылдық туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, келешекте ата-аналар құрылыс жұмыстары басталмай тұрып, өз ұсыныстарын бере алады.

Біз министрлікке ұсыныс жібердік. Онда бүкіл елді мекендердің мектеп директорларына тапсыра беріледі. Тапсырмада, жалпы «Жайлы мектеп» қандай болуы керек, оған не жетіспейтіні жөнінде шығарма жазылады. Мұны балалар мен ата-аналар жазады алады. Кейін біз бұл ұсыныстарды қарап, өзіміздің жобалауда қолдау мәселесін қарастырамыз, - деді Мәулен Айманбетов.

«Жайлы мектеп» ұлттық жоба аясында елімізде 401 жаңа форматтағы мектеп салу көзделген. 

2023 жылы SK Construction 217 құрылысын бастауды жоспарлап отыр:
- 185 нысанға конкурс жарияланды;
- 32 мектеп ЖАО мен ҚР ОАМ жер телімдерін бөлу кезеңінде. 

Сонымен қатар  «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9 мектеп екінші тетік бойынша салынады. Орта білім беру ұйымдарының салынған объектілерін ЖАО-ның Тауарларды сатып алу қағидаларында көзделген тәртіппен олардың меншік иелерінен тауар ретінде сатып алуы.

Өзгелердің жаңалығы