Жаяу жүргіншілер өткелінде автокөлік әйел мен баланы қағып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел жүктіліктің алтыншы айында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жол апатының нақты қай жерде болғаны әзірге нақтыланбады. Сондай-ақ зардап шеккендердің жағдайы туралы ресми ақпарат та жоқ.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Оқиға жолда қарсы бағытта жүріп келе жатқан көліктің бақылау камерасына түсіп қалған.