Синоптиктер 12 сәуірде ел аумағында ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Болжамға сүйенсек, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды – жаңбыр жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда жауын-шашын, жаңбыр аралас қар жауады.
Шығыста, республиканың орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, жел күшейеді.
Еліміздің солтүстігінде, шығысында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай, оңтүстік-батысында күндіз шаңды дауыл күтіледі.