Жатақханадан орын ең бірінші кімдерге беріледі? – министрлік түсіндірді

Кеше, 15:36
191
Бөлісу:
Жатақханадан орын ең бірінші кімдерге беріледі? – министрлік түсіндірді

Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Ақерке Абылайхан жатақханадан орын қалай және бірінші кімдерге берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жатақханалардағы орынды бөлген кезде бірінші кезекте жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектегі бар азаматтарға, ауыл квотасы шеңберінде грант алған балаларға, қандастарға, аз қамтылған отбасыдан шыққан азаматтарға басымдық беріледі. Сонымен қатар «Серпін» жобасы аясында білім алған жастарға жатақханадан орындар беріледі, – деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары.

Ақерке Абылайхан жоғарғы курс студенттеріне жатақханаға орналасу үшін не істеу керегін айтты.

Жоғарғы курс студенттері университет жанындағы жатақханадан орын жетпеген жағдайда, университеттер жеке меншік әріптестік аясында салынған жекеменшік жатақханалармен келісімшарт жасасып, сол жақтан орындар ұсынуға тиіс, – деді ол ОКҚ-да өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы