Жатақхана салуға инвестор болудың жолдары қандай?

17 Ақпан 2022, 18:05
1488
Бөлісу:
Жатақхана салуға инвестор болудың жолдары қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов хабарлады. 

Оның айтуынша, тетіктің тұжырымдамасы мемлекет пен жекеменшік сектордың әріптестігіне негізделеді. 

Инвестор, оқу орны не кәсіпкер тұлғасындағы жеке құрылыс салушы өз қаражаты есебінен объектіні іске қосуды жүзеге асырады. Объекті сәтті пайдалануға енгізілген жағдайда мемлекет онда мақсатты мемлекеттік тапсырысты орналастырады. Осы жерде  үш маңызды параметрді атап өту қажет, - деді басқарма төрағасы. 

Сонымен қатар ол жоғарыда аталған қағидаттарға тоқталды. 

Бірінші – орналастыру принципі. Мемлекеттік тапсырысты орналастырудың басты талабы студенттің жатақханада тұруы болып табылады. Яғни мұнда жан басына шаққандағы қаржыландыру принципі жұмыс істейді. Мемлекеттік тапсырыс мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, құрылыс салу немесе реконструкция жасау жолымен жаңа жатақханаларды енгізуді жүзеге асыратын барлық ұйымдарда орналастырылады, - деп атап өтті Асқар Ибраимов.

Сонымен қатар  орналастыру мерзімі де ескеріледі. Мемлекеттік тапсырыс ай сайынғы негізде 8 жылға орналастырылады.  Демалыс кезеңінде соңғы оқу айында тұрған студенттердің саны негізге алынады.  

Төлемдер мөлшеріне тоқталсақ, бір студентке мемлекеттік тапсырыстың жыл сайынғы мөлшері: құрылыс салынған жағдайда – 122 АЕК (Алматы қаласында – 144 АЕК), реконструкция жасалған жағдайда – 47 АЕК (Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынды – 92 АЕК). Бұл ретте алғашқы 12 айда мемлекеттік тапсырыс екіге тең болып келетін түзету коэффициенті ескеріле отырып төленеді. Мысалы, іс жүзінде 100 адам тұратын болса, төлемдер 200 адамға төленеді, бірақ  жатақхананың жобалық қуатынан асырылмайды, - деді ол. 

Әйтсе де, локдаун және індетпен байланысты бүгінгідей алмағайып кезеңде мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер студенттердің жатақханаларда тұруына қандай да бір мониторинг жүргізілместен, жатақхананың жобалық қуаты бойынша жүзеге асырылып жатқанын айта кету керек. 

Мысал ретінде Шымкент қаласында іске асырылған жобаны алып қарауға болады. Бұл 350 орындық жатақхана құрылысының құны 650 млн болса, жоспарланған мемлекеттік тапсырыстың көлемі 862 млн құрайды, яғни оң айырмашылық бар және ол шамамен 200 млн құрайды, - деп отыр Асқар Ибраимов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл 11 мың орындық 32 жатақхана пайдалануға берілетіні туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы