Бұл туралы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында кешенді жұмыстар жасалды.
Оның айтуынша, бірінші кезекте нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізілді. Онда ЖОО-лар қабылдаған студенттерді міндетті түрде жатақханамен қамтамасыз етуі керек.
Студент грантта оқыса да, ақылы форматта оқыса да, университет оны жатақханаға қабылдауға міндетті. Бұл талапты орындамау өрескел құқық бұзушылық болып танылады. Барлық университтер бұл талапты біледі, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның сөзінше, қазіргі таңда жатақхана тапшылығы бойынша нақты сан белгісіз. Бұл көрсеткіш 25 тамызда ЖОО-ларға құжаттар қабылдау толық аяқталғаннан кейін белгілі болады.