“Жасылдар” партиясы барлық сайлауға  қатысуға мүдделі

6 Қыркүйек 2022, 15:32
1488
Бөлісу:
“Жасылдар” партиясы барлық сайлауға  қатысуға мүдделі

Бұл туралы «Байтақ» жасылдар» партиясының Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Азаматхан Әміртай айтты,хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Әлемде “жасылдар” деген түсінік бар. Олар экология мәселесіне көтереді. Біз де мемлекеттік мүдде үшін жұмыс істейміз. Алты жыл бойы біздің партия жұмыс істеді. Тек ресми тіркеле алмады. Біздің мүшелікке 10 мың адам өтті. Әділет министрлігіне 20 мың қол өткізуіміз керек. Бірақ біз 30 мың қол өткізуді жоспарлап отырмыз,- деді Әміртай. 

Сонымен қатар ол  24 қыркүйекте  Алматы қаласында өтетін «Байтақ» жасылдар» партиясының Құрылтай съезі өтетінін айтты.

Азаматхан Әміртай айтқандай, “жасылдар” партиясын тіркеу бойынша өтінішті Әділет министрлігі қабылдаған. Ол партияның өңірлерде 30 филиалы бар екенін айтты.

Партияның заңды тіркелуіне жұмыс істейміз. Президент Жолдауында айтқан Мемлекет басшысын 7 жылға сайлау бастамасын қолдаймыз. Біздің партия ел мүддесі үшін жұмыс істейді. Сондықтан Президент сайлауына үміткер ұсынбайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз. Партия ресми тіркелсе, біз қалған Парламент, мәслихат сынды барлық сайлауға қатысамыз,- деді

Өзгелердің жаңалығы