«Жасыл желек – жердің көркі». Таразда экологиялық жоба аясында 600 түп тал отырғызылды

13 Қараша 2022, 02:40
1109
Бөлісу:
«Жасыл желек – жердің көркі». Таразда экологиялық жоба аясында 600 түп тал отырғызылды

Таразда «Біз біргеміз» монументі маңындағы саябаққа «Жасыл желек – жердің көркі» экологиялық жобасы аясында тал отырғызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14 мөлтек ауданның айналасын көгалдандыру, абаттандыру жоспары бойынша 600 түп ағаш егілді. Оның ішінде көп жылдық қайың, акация, сән ағашы, шаған және шынар, шырша талдары бар.
Бұл талдардың барлығы Тараздың климатына бейім ағаштар.
Экологиялық іс-шараға қалалық әкімдіктің бөлім басшылары мен қызметкерлері, «Жасыл ел Тараз» мекемесінің қызметкерлері атсалысты.
Сонымен қатар ағаш егу жұмыстарына арналған техникалар да тиісті жұмыстар атқарды.
Айта кетерлігі, ағаш отырғызу алдында көшеттерді суару мәселесі шешілген. Бұл аумақта 2 су құдығы мен сорғылар орнатылды. Тамшылатып суару жүйесі ішінара жүргізілді.
Алдағы уақытта осы аймаққа жоба аясында жеміс ағаштарын отырғызу жоспарланған.
Қаланы көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары жалғасын табады.

Өзгелердің жаңалығы