"Жасыл ел": Елордада жұмысқа орналасуға өтінімдерді қашан қабылдай бастайды

23 Мамыр 2024, 20:12
650
Бөлісу:
"Жасыл ел": Елордада жұмысқа орналасуға өтінімдерді қашан қабылдай бастайды
Фото: Елорда әкімдігі

"Жасыл ел" бағдарламасы бойынша елордада жазда 4 200 жасты жұмысқа орналастыру жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

"Жасыл ел" жобасы 2005 жылдан бастап жасөспірімдер мен жастардың қоршаған ортаны қорғау сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ еңбекке ынталандыру мақсатында іске асырылуда.

Бағдарламаның басты шарты адамның жасы болып саналады, яғни 14 жастан 35 жасқа дейінгі оқушылар, студенттер және жұмыссыз жастар қатыса алады.

"Жасыл ел": Елордада жұмысқа орналасуға өтінімдерді қашан қабылдай бастайды

Өткен жылы жазғы уақытта 4200 жас жұмысқа орналастырылды, биыл 4200 жасөспірім мен жастарды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Жастар 64 мың теңге мөлшерінде жалақымен және "Жасыл ел" арнайы нысанымен қамтамасыз етіледі. Мектеп оқушылары жоба бойынша жұмыс істеу үшін оқу орнындағы әлеуметтік педагогқа жүгінуі керек, - деді Самат Ибраев.

14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер күніне 4 сағаттан аспайтын жұмысқа тартылады. Олар елордалық саябақтарды тазалаумен, мектеп аулаларын көгалдандырумен айналысатын болады.

"Жасыл ел": Елордада жұмысқа орналасуға өтінімдерді қашан қабылдай бастайды

Өтінімдерді қабылдау 31 мамырда Б.Соқпақбаев көшесі, 14/4 КБ 13 мекенжайы бойынша басталады.

Басқармада құрылыс компанияларына жұмысқа орналастырылған жұмыссыз жастар жұмыс орнынан жалақы, сондай-ақ "Жасыл ел" жобасы шеңберінде 64 мың теңге көлемінде қосымша сыйлықақы алатынын атап өтті.

"Жасыл ел": Елордада жұмысқа орналасуға өтінімдерді қашан қабылдай бастайды

Бұл сегіз сағаттық жұмыс күні ретінде қарастырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін @Elorda_jastary Instagram парақшасына жаза аласыз.

Өзгелердің жаңалығы