«Жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын қайта қарау керек – Абақанов

11 Қараша 2020, 10:54
1943
Бөлісу:
 «Жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын қайта қарау керек – Абақанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экологиялық ұйым қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақанов «Жасыл» экономика және ең озық қолжетімді технологиялар қағидаттарына көшу мәселелері бойынша II Халықаралық конференция барысында айтты. 

Елімізде 2013 жылдан бастап «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатыр. Тұжырымдаманың 7 бағыты бар. 2020 жылға бекітілген индикаторлар болды. Оның ішінде баламалы энергияны 3 пайызға жеткізу, қалалардағы ауаның ластануын төмендету мақсаттары болды. Экономикалық қауымдастық ретінде біз жаңа экологиялық кодекс енгізілгеннен кейін «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы қайта қаралуы керек деп ойлаймыз, - дейді ол. 

Абақанов атап өткендей, «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасында индикаторлар тек республика бойынша бекітілген.

Біздің ойымызша, әр аймақта өз индикаторы болуы керек. Одан бөлек, жаңа тетіктерді енгізген соң ауаның ластануы болса, әр аймақта зиянды заттардың нақты индикаторы бекітілуі керек, - деді ол. 

Оның айтуынша, конференцияға Еуропа мен Ресей мамандары да қатысып жатыр.

Олар негізгі әдісті қалыптастырған мамандар. Енді олар өз тәжірибелерін Қазақстанда енгізу бойынша ұсыныстарын айтады. Қолжетімді технологиялар ұстанымы біздің елде де дұрыс жүзеге асуын талқылайтын шара, - деді Елдос Абақанов.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан «жасыл» экономика саласында шетелдік тәжірибені енгізетінін айтқан болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы