«Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

14 Сәуір 2022, 15:17
1425
Бөлісу:
«Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ержан Сәрсенбай «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағалығына тағайындалды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2001 ж. қараша айынан 2006 ж. шілде айына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде жетекші маман лауазымынан басқарма басшысы лауазымына дейін қызмет атқарған.

2006 ж. шілде айынан 2007 ж. сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі Ғылым және инновациялық қызмет секторының меңгерушісі.

2007 ж. мамыр айынан 2010 ж. қараша айына дейін «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының басшысы.

2011 ж. мамыр айынан 2014 ж. ақпан айына дейін «НК Продкорпорация» АҚ Несиелендіру және несиені әкімшілендіру департаментінің директоры.

2015 ж. қаңтар айынан 2017 ж. ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары.

2017 ж. ақпан айынан 2021 ж. ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры.

2021 ж. ақпан айынан 2022 ж. ақпан айына дейін «Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы.

2022 ж. сәуір айынан бастап «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, Жанат Самат «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы