«Алматыбасжоспар» ҒЗИ алаңында Бахрейн университетінің архитекторы, PhD профессоры Ислам Хамди Элгонаими және Қазақстандағы Cushman & Wakefield серіктесі мен басшысы MBA Гүлшат Сариеваның қатысуымен «Жасыл архитектура» және «Қалалық жылу аралы» тақырыбында халықаралық семинар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Семинарды ашқан «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов жаһандық жылыну мәселелері бүкіл әлемде өткір тұрғанын атап өтті.
БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының мәліметтері бойынша, бүгінде орташа тәуліктік температурасы 25°C-тан жоғары жерлерде тұратын 2,8 миллиард адамның тек 8%-ы кондиционерге қол жтекізе алады. Бұл ретте, кедей аудандардың тұрғындары ыстықтан көбірек азап шегеді -олардың кондиционерлерді орнатуға мүмкіндігі аз және салқын жасыл аймақтарға қолжетімділігі жоқ. Бұл жайт тәуекел тобындағы адам денсаулығының ауыр асқынуларына себеп болады.
Жаһандық жылынуды тежеу құралдарының бірі – қалалардағы жасыл архитектураны дамыту. Бүгін біз шетелдік әріптестеріміздің пікірлерін тыңдап, презентацияларымен танысып, әлемдік тәжірибе туралы көбірек білгіміз келеді, деп қорытындылады урбанист.
Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда жазғы күндегі ауаның орташа температурасы +27 °C құрайды, ал кешке +23 °C дейін төмендейді – яғни жағдай көптеген елге қарағанда әлдеқайда жақсы. Алайда, ірі қалаларда жылу аралдары (UHI) пайда болуда – қоршаған ауылдық немесе аз салынған аймақтарға қарағанда минимум 1-3°C жоғары аумақтар, деп атап өтті Ислам Хамди Элгонаими.
Семинарда ұсынылған ғылым докторының презентацияларының бірі жасыл архитектурада «ақылды» технологияларды қолдануға арналды.
Бұл құралдар суды, электр қуатын үнемдеуге және көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Мен сондай-ақ осы технологияларды интеграциялауда, ресурстарды бөлуді оңтайландыруда және қалалық көгалдандырудың тұрақтылығын арттыруда ландшафт сәулетшілерінің ерекше рөлін атап өткім келеді. Сонымен қатар, көгалдандыру учаскелері эстетикалық құрамдас бөлікке ғана емес, сонымен қатар өнімдерді өсіру бойынша қалалық фермаға айналуы мүмкін, - дейді шетелдік сарапшы.
Қазақстанда жасыл құрылыс не үшін қажет екенін және ғимаратты жасыл стандарт бойынша қалайша тиімді салуға болатынын Қазақстандағы Cushman & Wakefield серіктесі және басшысы, MBA Гүлшат Сариева баяндады.
Жасыл стандарттарбойынша құрылыс – Алматыда сейсмикаға төзімді ғимараттар салу сияқтыөзекті. Біз бүгінсалып жатқан барлық нәрсеболашақ ұрпақтың меншігіболады. Біз олардыңөмір сүру жағдайын жақсартатынғимараттарды жобалап, тұрғызуымызкерек, - деді Гүлшат Сариева.
Қазір қалада жоспарлы көгалдандыруға нүктелік құрылыстар кедергі келтіруде, дейді сарапшылар. Алайда, полиорталықтардың егжей-тегжейлі жоспарлауының жаңа жобалары (ЕЖЖ) бұл факторды жоққа шығарады.
«Көкейтесті мәселелерді шешу үшін қала барлық заманауи құралдарды қолданады. Сонымен, Бас жоспар бойынша біз жасыл желектердің санын бір адамға шаққанда 12 шаршы метрге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Полиорталықтардың ЕЖЖ-де жасыл (саябақтар, скверлер, бульварлар және т.б.) және сулы аймақтар (күрделі құрылысқа жатпайтын су қоймалары айналасындағы аймақтар), арық жүйесін құру және т.б. қарастырылған», - деп атап өтті Асхат Садуов.
Сонымен қатар қоғамдық көлікті дамытуға және оның экологиялық таза болуына (ЛРТ, метро) баса назар аудара отырып, көлік қаңқасын қалыптастыру жеке автокөлікті пайдалану қажеттілігін азайтады, бұл экологияға оң әсер етеді. Дизайн-код шеңберінде қасбеттер мен кіру топтары бойымен ықшам ағаштарды немесе бұталарды отырғызу ұсынылады. Қабырғаларда тік көгалдандыру құпталады және қолданылады, деп қорытындылады «Алматыбасжоспар» ҒЗИ басшысы.
Іс-шара соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, қалалық кеңістіктерді көгалдандырудың өзекті әдістерін талқылады.
Еске салсақ Алматы қаласының дизайн-коды кезең-кезеңімен енгізілетінін хабарлаған болатынбыз.
Қала әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, дизайн-код - үйлесімді мегаполис құру үшін қажетті талап.
Біздің алдымызда екі міндет тұр – Алматының танымал тарихи келбетін сақтау және әлемдік тенденцияларды ескере отырып, мегаполистің болашақ бейнесін дамыту. Алматының дизайн-коды – бұл өмір сүруге қолайлы үйлесімді мегаполис құру үшін қалалық ортаны қалыптастыру жөніндегі ережелер мен қағидаттардың жиынтығы, – деді Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.
Сонымен қатар ол дизайн-кодты әзірлеу кезінде барлық нормативтік-құқықтық талап сақталғанын айтты. Әкім орынбасарының айтуынша, бұл жоба аясында қала дизайн-кодының сайт сервисі әзірленген. Бұл сайт ақпарат жинауға және білім алмасуға арналған орталық алаң. Сайт жақын болашақтағы дизайн-кодты енгізу кезінде диалог алаңы болады.