Жастарымыз кітап пен оқулықты электронды түрде оқығанды ұнатады – Жолдасбеков

19 Шілде 2021, 14:53
2962
Бөлісу:
Жастарымыз кітап пен оқулықты электронды түрде оқығанды ұнатады – Жолдасбеков

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде заманауи технологияның мүмкіншлігі күн санап артып келеді. ХХІ ғасыр – технологиялар ғасыры болып отыр. Мобильдік құрылғылар, Интернет желілері өмір сүрудің қарапайым күнделікті дағдысына айналып, ақпараттық технология адам өмірінің маңызды бөлшегі болып кетті. Сандық қоғам, сандық орта қалыптасты, деп жазды ғалым Мырзатай Жолдасбеков Facebook-тегі парақшасында.

Қазіргі заманауи кітап сүйер қауымы, жастарымыз кітаптарды, оқулықтарды электронды түрде оқығанды ұнатады. Бүгінде менің  кітапханадағы кітаптарым,  мақалаларым, сұхбаттарымды QR-код арқылы электронды түрде оқуға мүмкіндің жасап қойғанын көріп  риза болдым. Уақытын тиімді пайдаланғысы келетін оқырмандар үшін  бұл жедел, әрі ыңғайлы екен, - деп жазды ғалым.

 
Мырзатай Жолдасбековтың сөзінше, әрбір жаңа идеяның көшбасшысы, жаршысы болып жүретін ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы кітапхананы - заманауи, көптеген технологиялық функцияларға толықтырып, рухани қазынаның мәртебесін көтеріп, әлемге паш етуде.

Әрбір жасап жатқан игі істеріңіздің Алла берекесін берсін! Оқырман игілігіне жарасын, - деп жазды Жолдасбеков.


Өзгелердің жаңалығы