Жастардың теріс пиғылды ұрандарға сенбей, бекем болуы абзал - БҒМ вице-министрі

8 Қаңтар 2022, 11:33
1702
Бөлісу:
Жастардың теріс пиғылды ұрандарға сенбей, бекем болуы абзал - БҒМ вице-министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев жастарды теріс пиғылды ұрандарға сенбеуге шақырады. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

Министрдің орынбасары қазақстандықтарды тәртіпке бағынуға шақырды.

Құрметті достар, отандастар, жастар! Елдегі орын алып жатқан хал-ахуалға байланысты Мемлекет Басшысының үндеуін қолдап, тәртіпке бағынуға шақырамын.  Ал жастардың теріс пиғылды ұрандарға сенбей, бекем болуы абзал. Мемлекет басшысының бүгінгі үндеуі орынды. Осы орайда ел азаматтары мемлекет тарапының қолданып отырған шараларына қолдау көрсетіп, өмірді қайта қалпына келтіру үшін өз үлестерін барынша қосуы керек деген пікірдемін. Қазіргі таңда бейбітшілік пен тұрақтылық аса маңызды. Бірлігіміз бекем болсын. Аман болайық, - деп жазады ол.

Өзгелердің жаңалығы